Iздеу

Территориялар

Маңызды орнитологиялық аумақтар (IBA)

IBA – құстардің тіршілігіне аса маңызды аумақтар. Оларға сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан құстар түрлері үшін маңызды демалу, қыстау, қоректену, көбею орындары жатады.


 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА)

Айырықша күзет режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендер мен объектiлердi қамтитын жер, су объектiлерiнiң және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

 

 

Рамсар аймағы

Рамсар конвенциясы сулы-батпақты аймақтардың маңыздылығы мен тиімділігі және оның пайдалы қызметтері дұрыс танылмағандықтан, жедел түрде жоғалып бара жатқан сулы-батпақты аймақтардың бүгінгі жағдайына халықаралық бірлестіктердің назарын аудару мақсатында жасалған.

 

 

Аңшылық шаруашылығы

ҚБСА өзінің аңшылық шаруашылықтарында заңды түрде қаскерлікпен күресіп, жабайы аңдар мен құстардың мониторингін жасайды, киіктердің тіршілігіне маңызды аймақтарды қорғайды.