Iздеу

Киік

Киік (Saiga tatarica) – қоныс аударатын тұяқты жануар. Киіктердің бес популяциясы бар, олардың үшеуі Қазақстанда, қалған екеуі Ресей (Қалмық елі) мен Монғолияда мекендейді. Кейбір киіктер Өзбекстанда қыстайды. Монғол киіктері Saiga tatarica mongolica түріне, қалғандары Saiga tatarica tatarica түріне жатады.

Киіктің сыртқы түрі қойға ұқсас. Көздері үлкен, Аяқтары арық. Басын үнемі көлбеу түрде ұстайды, тек қозу не желігу кезінде басын жоғары көтереді. Мүйізі тек еркек киіктерде болады. Құлағы мен құйрығы қысқа. 

 

Жазғы уақытта жануар сары, жирен түсті болса, қыз мезгілінде ағарады. Жазда жүні де қысқа - 1,5-2 см, қыста - 7 см дейін ұзарады. Еркек киіктердің орташа салмағы 40-45 кг болса, ірі еркектің салмағы 50 кг жетеді. Ұрғашылардың орташа салмағы 30 кг, кейде 40 кг жетеді. Денесінің ұзындығы 110-150 см. Еркектері 4-5 жыл өмір сүрсе, ұрғашылары 8-9 жылға дейін тіршілігін жалғатырады. Қазіргі уақытта киіктер қауіп төнген жануарлар қатарында. 1996 жылы оны Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізіп, үлкен дәрежеде қауіп төнген түр деп белгіленді. XX ғасырдың соңында Кеңес Одағының ыдырауы кезіндегі экономикалық жағдай киік етіне және мүйізіне сұранысты арттырып, нәтижесінде киік саны күрт төмендеді. Киік саны он жыл ішінде (1992 - 2003) 50 есе кеміген, 1 млн киіктен тек қана 20 мыңнан астам дана қалған. 2004 жылдан бастап киікті қорғауға және сақтауға арналған шаралардың арқасында оның саны өсіп келеді, бүгінгі күні ол 130 мыңды құрайды. 


ҚБСА-ның киікті қорғау және зерттеу жұмысы

Киікті қорғау. 2008 жылы ҚБСА құрамында арнайы жануарлар әлемін қорғайтын қызмет құрылды. Бұл мемлекеттік емес қызмет құрамында әрқайсысы екі адамнан тұратын үш топ енеді. Қызметтің басты мідеттері: батпақдала популяциясына жататын киіктер мекендейтін территорияда қаскерлікпен күресу, далалы және жартылай шөл далалы аймақтарда киік және басқа жануарлар түрлері бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу. 

Аталмыш қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқарды: «Охотзоопром» ӨБ ҚК Жезқазған, Арқалық және Баршино өңіріндегі бөлімшелері, Қарағанды облысы табиғатты қорғау полициясы, Орман және аңшылық шаруашылығының Қарағанды, Ақтобе және Қостанай обласытары бойынша бөлімдері, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мамандары, Жезқазғанның аңшылар мен балықшылар қоғамы, «Арлан» аңшылық шаруашылығы.

Аңшылық шаруашылығы. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ҚБСА «Алтыбай» және «Саға» атты екі аңшылық шаруашылығын өз қарамағына алды. Бұл шаруашылықтар Қостанай облысы Жангелді ауданында орналасып, барлығы  350 мың га жерді алып жатыр. ҚБСА қарамағына алған территорияда сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жануарлар түрлерін қорғайды. Осы аймақ әсіресе киіктер үшін өте маңызды.

ҚБСА-да аңшылық шаруашылығы пайда болысымен жануарларды қорғау міндеті қорықшыларға көшіп, енді Жануарлар әлемін қорғайтын қызмет Мониторинг және насихаттау кызметіне айналдырылды.

Халықпен жұмыс. 2009 жылы Фонд марок жобасының шеңберінде халық арасында экологиялық білімді жетілдеретін арнайы топ құрылды. Топ екі адамнан тұрады, олар ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына арнайы дайындалған лекциялар оқиды,  оқу материалдарын таратып, дала экожүйесін сақтауға және жануарларды қорғауға шақыратын фильмдер көрсетеді. Топтың жұмысы киіктердің бетпақдала популяциясы мекен ететін жерлерге жақын орналасқан ауылдарда жұмылдырылды. Жоба аяқталғанына қарамастан, бұл «ағарту» тобы өз жұмысын орал және үстірт популяциясы территориясына дейін созып, жалғастыра береді.

Авиаесеп. 2007 жылдан бастап ҚБСА мемлекеттік киіктерді авиаесептеу шарасына қатысады. Киік санын дәлірек анықтау мақсатында ҚБСА зоология Институтымен бірігіп, арнайы жетілдірілген авиаесеп әдістемесін шығарды.

Серіктік таңбалау. 2009 жылдан бері жүзеге асырылатын киіктерді серіктік таңбалау шарасы олардың қоныс аудару жолын анықтауға мүмкіндік береді. Үш жыл ішінде киіктерге (бетпақдала және үстірт популяциясына) 68 серіктік қондырғы тағылды, оның 44-і (36-бетпақдала, 8-үстірт) тұрақты түрде ақпарат беруде.  Киіктерді аулауға  арналған әдестемені ҚБСА мамандары жасаған. Бұл әдіс әлемде алғаш рет пайдаланылған және де жануар үшін ең қауіпсіз болып табылады. Серіктік қондырғылардан алынатын ақпаратқа сәйкес жануарлардың қоныс аудару бағыттары бойынша карта жасалып, Орман және аңшылық шаруашылығына тапсырылады.

Мониторинг. Далада қызмет ететін мамандарымыз әрбір кездескен киікті тіркеп, жасы мен жынысына қатысты ақпаратты арнайы дерекқорға енгізеді. 2010 жылдан бастап Гарчев Ю.А. бастаған топ киіктердің (бетпақдала) көбею процесін зерттейді. Құралай саны, жынысы, өлімі және дүниеге келу орындары туралы ақпарат жиналады. Киіктердің төлдеу орындары мен орналасу заңдылықтарына сәйкес карталар жасалды.


Назад