Iздеу

Шиқылдақ қаз

Шиқылдақ қаз (Anser erythropus)  Anser тұқымына жататын "сұр" қаздардың арасындағы ең кішкентай қаз. 30 жыл бұрын шиқылдақ қазды аулауға рұқсат берілсе, бүгінгі таңда бұл құс Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізілген.  Көптеген зерттеулердің нәтижесінде шиқылдақ қаздың саны 6-7 есе кеміген деген тұжырым жасалды. Қазіргі таңда шиқылдақ қаздың әлемдік популяциясының 99,9%  Ресейде және 40 жұптан құралған кішігірім топ Норвегияның солтүстік шығысында қоныстанған. Әлемдік популяция саны шамамен 25-35 мың қазды құрайды. 

Шиқылдақ қаздың Еуропа елдерінен мүлде жоғалып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да бұл қаз түрінің табиғатта сақталып қалуы Ресей мен Қазақстандағы ұялау және қоныс аудару жолдарында атқарылатын сақтау жұмыстарына тікелей байланысты. 

Шиқылдақ қазды көзінің айналасындағы жарқын сары дөңгелек сызықтан ажыратуға болады. Тұмсығы қысқа, кішкентай, үш қырлы, ақшыл қызғылт. Жоғары маңдайына байланысты, басы дөңгелек көрінеді. Маңдайындағы ақ дақ ұзарып көзіне дейін жетеді, кейде төбесіне дейін жетеді. Басы мен мойны төсіне қарағанда қошқылдау. Аяғы сары, қызғылт сары. Жас қаздарда тырнақтары қара болып, басында ақ дағы болмайды. Денесінің ұзындығы 53-66 см, салмағы 1,3-2,3 кг.  

 


ҚБСА-ның шиқылдақ қазды зерттеу жұмысы 

2010 жыл, күз. AEWA және NOF-Birdlife, АСБК и РГГ (Солтүстік Еуразияның қаз тәрізділер бойынша жұмыс тобы)  ұйымдарының бастамасымен жасалған "Сирек кездесетін қаздар мен қарашақазды сақтау" атты халықарарлық жоба бойынша жасалатын мониторинг жұмыстары шеңберінде қаз тәрізділерді санау және аңшылықтың қысымын анықтау жұмыстары жүргізілді. Даладағы зерттеу жұмысы 2010 жылдың 29 қыркүйегі мен 10 қазан аралығында өткізілді. Шиқылдақ қаздың саны 19190 дананы құрады, оның 45,4 % жас балапандар (n=312), ұядан шығатын балапандардың орташа саны - 4.2 (n=35)

2011 жыл, көктем. Экспедицияның басты мақсаты көлдер мен бөлек суаттардың жағдайын және бұл жерлерде құстардың, әсіресе, шиқылдақ қаздардың биотоптық және маусымдық жайылуын бағалау болды. Демек басты міндет: шиқылдақ қаздың тұрақты қоныстанатын жерін, қоныс аудару уақытын, санын және зерттелетін территорияда орналасуын анықтап, су деңгейі мен мекенге тиетін антропогендік қысымды бағалау. Барлығы 230 шиқылдақ қаз анықталды. 

2011, күз. Даладағы зерттеу жұмыстары 2011 жылдың 21 қыркүйек пен 12 қазақ аралығында жүргізілді. Көктемгі экспедициямен салыстырғанда, күзде "Батыс" және "Шығыс" деп аталған екі топ жұмыс атқарды. "Шығыс" топтың құрамын: Тимошенко А. Ю. – мониторинг маманы, ҚБСА орнитологы; Смбаев И.Д. – орнитолог ассистенті,  РЦ «Ақ-тырна» фотографы; Унгефук В.А. – дала ассистент, РЦ «Ак-тырна» көлік жүргізуші , Аарвак Т.  - эксперт-орнитолог (Норвегия), Петков Н. - эксперт-орнитолог (Болгария). "Батыс" топтың құрамы: Розенфельд С.Б.  - эксперт-орнитолог (Ресей), Тимошенко Г.Ю. -  орнитолог ассистенті, Омельченко И.И. - көлік жүргізуші, Ескелин Т. - эксперт-орнитолог (Финляндия), Карвонен Р. - эксперт-орнитолог (Финляндия). Зерттеу жұмыстары Қазақстанның Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарындағы көлдерде; Ресейдің Орынбор облысындағы Шелкар-Ега-Кара көлінде өткізілді. Барлығы 16990 шиқылдақ қаз анықталды.

Пайдаланылған әдебиет:

Редактор-құрастыруша: Е.Е. Сыроечковский // Полевой определитель гусеобразных птиц Росси, Мәскеу, 2011, 64-67 бет.


Назад