Iздеу

Рамсар аймағы

Рамсар конвенциясы

Сулы-батпақты аймақтар туралы Конвенция (Рамсар, Иран, 1971 ж.) үкіметаралық келісім болып табылады. Мақсаты – бүкіләлемдік тұрақты даму ретінде жергілікті, ұлттық шаралар мен халықаралық келісімдерді жүзеге асыру арқылы барлық сулы-батпақты аймақтарды орынды пайдаланып сақтау.

Рамсар конвенциясы сулы-батпақты аймақтардың маңыздылығы мен тиімділігі және оның пайдалы қызметтері дұрыс танылмағандықтан, жедел түрде жоғалып бара жатқан сулы-батпақты аймақтардың бүгінгі жағдайына халықаралық бірлестіктердің назарын аудару мақсатында жасалған. Конвенцияға қосылған әрбір Үкімет сулы-батпақты аймақтарды деградациядан сақтау мақсатында атқарылатын шараларға қолдау көрсетуге міндетті.

Сулы-батпақты аймақ дегеніміз не?

Конвенция анықтамасы бойынша, сулы-батпақты аймақтарға батпақты және шалшықты жерлер, алқаптар, өзендер мен көлдер, тұзды батпақ пен мангр алып жатқан теңіз жағалаулары, су асты шалғындары, коралл рифтері, сонымен қатар антропогендік нысандар: су қоймалары мен тұндырғылары, тағы басқалар жатады.  


Орта Азия сулы-батпақты аймақтар бойынша Рамсар Конвенциясы нұсқауы. (2,71 Mb)

Назад