Iздеу

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерват

2012-2013 жылдары 490 000 га жерге созылатын «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерват құрылысы жоспарлануда. Орталық Қазақстанда орналасатын аталмыш резерват үш кластерден тұрады -  Сарыкопа көлдер жүйесі (қазіргі уақытты қаумал мәртебесіне ие), Тосынқұм және Ұлы-Жыланшық. Бұл аймақтар бірігіп үлкен ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрайтын болады.

«Алтын дала» резератын құру 2008 жылы жоспарланған болатын, бірақ жериеленушілермен бірқатар мәселелер туған соң бұл жұмыс біршама уақытқа тоқтатылған. Бүгінгі таңда ҚБСА қажетті құжаттарды - жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындапболды.

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерват

Резерват Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында орналасқан. Бүгінгі таңда резервать ауданы 764 мың га жерге тең. Алдағы уақытты резерват ауданын тағыда 400 мың га жерге ұлғайту жоспарланған. Нәтижесінде оның ауданы 1,15 млн. га болады. Осы аумақ үшін де ҚБСА жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындаған. Барлық негіздемелер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  Орман және аңшылық шаруашылығыжәне Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік экспертиза тексеруіннен өтті.  

Жоғарыда аталған резерваттар «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасының жобалық территориясына енеді.  Бұл территорияда ҚБСА өзінің серіктестерімен жыл сайын авиаесеп, киік телеметриясын және басқа да жануарларды зерттеу мақсатында экспедициялар өткізеді.

Зерттеулер нәтижесінде алынған мағлұматтарға сүйене отырып, «Алтын дала» резеватын құру және Ырғыз-Торғай резерватын кеңейту туралы шешім қабылданған.

 
 
 
 

Терминдер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ (ЕҚТА) —айырықша күзет режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендер мен объектiлердi қамтитын жер, су объектiлерiнiң және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi;

Мемлекеттiк табиғи резерват - осы аумақтағы ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiктi сақтауға және қалпына келтiруге, табиғи ресурстардың тұрақты дамуы мен теңгермелi пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған әртүрлi қорғау режимдерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Мемлекеттiк табиғи қаумал — мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiр немесе бiрнеше объектiлерiн сақтауға және толықтыруға арналған шаруашылық қызметтiң тапсырыстық режимi немесе реттелмелi режимi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.


Назад