Iздеу

Маңызды орнитологиялық аумақ

Маңызды орнитологиялық аумақтар (IBA) қатал стандарттарға сәйкес таңдалады, оларды өзара ұлттық, аймақтық және ғаламдық дәрежеде бөліп қарастыруға болады. Бұл аумақтар үлкен желіні құрайды, сондықтан да оларды қорғау шараларын іске асыру арқылы біз тек құстардың ғана емес, биоалуантүрліліктің қалыпты жағдайда сақталуын қамтамасыз етеміз. Маңызды орнитологиялық аумақтарды сәйкестендіру арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың дамытуын ғылыми түрде ұлттық деңгейде жоспарлауға мүмкіндік туады.   

2008 жылдың тамыз айына сәйкес Қазақстанда 121 маңызды орнитологиялық аумақ анықталған. Олардың ортақ ауданы 150000 км2 (14986249 га) жерге жуық, бұл еліміздің 5,5% жеріне тең келеді.

2008 және 2009 жылдары «Алғашқы маңызды орнитологиялық аумақтардыстуденттер мен жергілікті ұйымдардың қатысуымен сақтау»атты жобаның төңірегінде  ҚБСА клубтары төрт IBA-ді сақтау бойынша жұмыс атқарған: «Саумакөл» (Қарағанды облысы), «Қойбағар-Тюнтюгур көлдер жүйесі» (Қостанай облысы), «Теренкөл» (Солтүстік Қазақстан облысы), «Қалбы жотасының солтүстігі мен батысы» (Шығыс Қазақстан облысы). 

 

Аншлаги Восход на озере Саумалколь Ушсарт

Назад