Iздеу

Аңшылық шаруашылығы

2009 жылдың қыркүйегінен бастап ҚБСА Қостанай облысының Жангелді ауданында орналасқан, ауданы 350 мың га жерге созылған «Алтыбай» (132550 га) және «Саға» (211032 га) атты екі аңшылық шаруашылығын өз қарамағына алған.

ҚБСА қарамағындағы территориялар "аңшылық шаруашылығы" деп формальді түрде ғана аталады, өйткені қазіргі уақытта кез келген территорияны "жеке" қолданысқа алудың басқа заңды амалы жоқ. ҚБСА үшін бұл жер тек қана жануарлар әлемін сақтау үшін қажет.

ҚБСА өзінің аңшылық шаруашылықтарында заңды түрде қаскерлікпен күресіп, жабайы аңдар мен құстардың мониторингін жасайды, киіктердің тіршілігіне маңызды аймақтарды қорғайды. Біздің шаруашылықта мынандай жануарлар мекендейді: киіктер, қасқырлар, қабандар, борсықтар, дуадақтар, безгелдектер, дала қырандары және тағы басқалар. ҚБСА шаруашылығында 7 қорықшы қызмет етеді, олар қауіп төнген және аулауға тыйым салынған түрлерді қорғайды. Оған қоса, қорықшылар мониторинг және үгіттеу қызметімен бірге үнемі жанурларды мониторингілейді.

 


Аңшылық шаруашылығы территориясында жасалатын шаралар:

  • Киіктерді қорғау: тұрақты түрде территорияны күзету.
  • Мемлекеттік құрылымдарға жануарларды қорғау саласында колдау көрсету (байланыс, көлік, тұрғын үй).
  • Жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату.
  • Киік қорғанысына жергілікті бірлестіктерді ынталандыру.
  • Жануарлар әлемін тұтынусыз пайдаланудың бір түрі ретінде фото-сафари-туризмді дамыту.
  • Аңшылық шаруашылықтарындағы мамандардың жануарларды мониторингілеудегі мүмкіндіктерін жетілдіру.
  • ҚБСА далалық орталығын құру: ғылыми зерттеулер, тренингтер, туризм.
  • Территорияда Пржевальский жылқысы мен құландарды табиғатқа қайта оралту.
 
Бүгінгі таңдағы жетістіктеріміз
  • Жануарлар мониторингін жасауды үйрететін оқу семинарлары өткізілді.
  • Шетелдерден келген туристерге арналған алғашқы фото-сафари-тур ұйымдастырылды.
  • 2011 жылдың қараша айында Алматы қаласында "Аңшылық шаруашылықтарды басқару жоспарын дайындау" атты семинар өткізілді.
  • Заңнамаға қажетті өзгертулер енгізу мақсатында арнайы жұмыс тобы жасақталды.
  • Территориядв қасқыр биологиясын зерттеу жұмысы басталды.
  • Нюрнберг зоопаркінің қаржыландыруымен Пржевальский жылқысын Алтын Эмель паркінен Алтын Дала жобалық территориясына көшіру жұмысы басталды. 

 

Назад