Iздеу

Табиғатты қорғау аясындағы жалпы мәселелер

Қазақстан табиғатын қорғау және сирек кездесетін жануарларды сақтау мәселелері жөніндегі кітаптар мен мақалалар

Қазақстанның Қызыл кітабы. I том. Жануарлар. I Бөлім. Омыртқалылар. 3-і басылым, қайта қарастырылып, толықтырылған. - Алматы, "Қонжық", 1996. - 327 б.

Сіздердің назарыңызға Қазақстанның 1996 жылы басып шығарылған Қызыл кітаптың (омыртқалы жануарлар) электронды нұсқасы ұсынылады. Бұл нұсқасы "Қызыл дискета" түріндегі кітаппен қосарлана жарияланған. Кітапты қолданбас бұрын, оны компьютерге әдейі бағдарламамен орнату қажет. Енгізіп алған zip-архив файлын сақтаныз, ашқаннан соң  RedBook папкусын табасыз, оның ішіндегі install.bat файлын қосыңыз. Бағдарлама өзге папканы жасайды. Ондағы .exe файлы бағдарламаны қосып, мәтінді оқуға, көшіруге мүмкіндік береді. Екі қолдану тілі бар - орысша және ағылшынша. Өкінішке орай, карталар мен суреттер енгізілмеген.

Енгізіп алу (1,45 Mb, zip)

Орта Азияның сулы-батпақты аймақтары бойынша Рамсар Конвенциясы нұсқаулығы
Бұл басылымда Орта Азияның сулы-батпақты аймақтарын  тұрақты және қалыпты түрде пайдалану жөнінде негізгі ақпарат ортақталып берілген. Мұнда елдің басқа аумақтарындағы сулы-батпақты аймақтардың түрлері мен белгілері, сонымен қатар бұл аймақтарды басқару кезінде кездесетін басты мәселелер туралы айтылады. Рамсар конвенциасының іріктеліп алынған ақпараты жергілікті халық үшін сулы-батпақты аймақтардың маңыздылығын жеткізуге және бұл аймақтарды тиімді басқару бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар дайындауға мүрындық бола алады.

"Ырғыз-Торғай-Жылыншық" пилоттық аумағының дала экожүйелеріне мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

Суретті анықтауыш орталық Қазақстанның Ырғыз-Торғай-Жыланшық өзендері аралығындағы флора және фауна бойынша мониторингтік жұмыстарды өткізуге арналған; енгізілген ұсыныстар мен кеңестер ең алдымен хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін бақылауға арналған, соның ішінде мониторинг жүргізудің жалпы қағидалары, есеп жүргізу әдістемесі, белгілеу және геобтаникалық алаңдардың сипаттамасы, негізгі мониторингіленетін түрлердің суреттері және т.б. пайдалы мәліметтер берілген.  

 

Енгізіп алу (4,09 Mb)

 


Назад