Iздеу

Пржевальский жылқысы

Тарпанды қазіргі кезде Пржевальский жылқысына көп жатқызса, Моңғолияда оны «тахи» деп атайды. Ерте заманда Жерде орман тарпаны (Equusprzewalskiisylvaticus), дала тарпаны (E.p.gmelini) және Пржевальский жылқысы (жоңғар немесе шығыс тарпаны -  E.p.przewalskii) мекендеген. Бүгінгі күнге дейін тек қана соңғысы сақталып жеткен. Құлан есектерге көбірек жақын болғандықтан, Пржевальский жылқысын соңғы жабайы жылқы деп атауға болады. Оны 1879 жылы Орта Азияда Лоб-Нор көлінің маңатынан Пржевальский полковнигі анықтап ғылымға ашқан. 1889 жылы профессор Поляков бас сүйегі мен терісінің көмегімен түрді суреттеген. 

Табиғатта Пржевальский жылқысы шағын гаремдік үйірге (10-15 бас) топтасып өмір сүреді. Олар аязға оңай шыдайды, қар астынан қорегін қазып жей береді. 

Пржевальский жылқысы шөбі мол және суаттары жеткілікті ашық ландшафты қажет ететін дала жануары.   

Қазақстанда 2011 жылдың соңында 12 Пржевальский жылқысы болды: бесеуі Алматы зоопаркінде және жетеуі  «Алтын Емел» ұлттық табиғи паркінде. Жылқылар 8 жыл бұрын «Алтын Емелге» Мюнхен зоопракінен әкелінген. Алдымен олар арнайы қашада орналасып, кейін босатылып, ашық далаға жіберілген. Кей жылқылар түрлі себептермен өлді, жаңадан туылғандар да болды.  Демек, бұлар нағыз жабайы жылқылар.  


Пржевальский жылқысын табиғатқа қайтару бойынша жұмыс

2010жылдың күзінде орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА), «Алтын Емел» табиғи паркі, Франкфур зоология қоғамы, Алматы, Мюнхен, Нюрнберг зоопаркілері, Зоология институты және Өзбекстан мен Германия сарапшыларының қатысуымен құлан мен Пржевальский жылқысын Қазақстан табиғатына қайтарудың (реинтродукция) перспективалары талқыланды. Нәтижесінде құлан бойынша атқарылып жатқан жұмысты жалғастырып, Пржевальский жылқысының реинтродукциясы бойынша халықаралық бағдарлама дайындау қажет деп шешілді.

Орталық Қазақстан реинтродукцияға арналған жаңа орын болып белгіленді, алайда бұл жерді ерте заманда құландар мен Пржевальский жылқысы мекендеген. Осы аймақта Алтын Дала табиғатты қорғау бастамасын іске асырып жүрген ҚБСА мамандары аймақты зерттеу мақсатында арнайы жабайы жылқылар бойынша халықаралық сарапшы –Петра Качинскиді шақырды. Сарапшының ойынша Ырғыз-Торғай өңірі жабайы жылқылар мен құландар үшін әбден жарайды. Ал «Алтын Емелде» еркін топ үшін орын аз, оған қоса парктің маңатында үй жануарлары да көп кездеседі. Мұнда тек қана кішігірім топ тіршілік ете алады, алайды ересек ер жылқылар әрдайым жас ер жылқыларды қудалайды. Қуғындалған жас жылқылар үшін ҚБСА неміс зоопаркілері бөлген қаражатқа «Алтын Емелде» жаңа қаша салды. Келесі мақсат – «Алтын Дала» табиғи резерваты территориясындағы Ырғыз-Торғай өңірінде ҚБСА-ға қарасты жабайы жылқыларды табиғатқа қайтару Орталығын салу. Бұл идеяны ҚР АШМ ОАШ қолдады. Енді бұнде Алтын Емелден және Германиядан жабайы жалқылар мен құландар жеткізілетін болады. Бірнеше жылдардан соң Қазақстан даласында киіктердің маңында жайылып жүрген жабайы жылқыларды көру әбден мүмкін.


Назад