Iздеу

ҚБСА Жарғысы

«Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы»

Республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысымен қабылданған

2013 жылғы 20шілде

«Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы»

Республикалық қоғамдық бірлестігінің

ЖАРҒЫСЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1.Әрі қарай «Қоғамдық бірлестік» деп аталатын «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» осы Жарғымен қарастырылған мақсат пен міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру үшін құрылған азаматтардың коммерциялық емес ерікті бірлестігі болып табылады.

1.2.Қоғамдық бірлестіктің толық атауы:

қазақ тілінде – «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бiрлестiгi (ҚБСА);

орыс тілінде– Республиканское общественное объединение «Казахстанская ассоциация сохранения биоразнообразия» (АСБК);

ағылшын тілінде – «Association for the Conservation of Biodiversity of Kazakhstan» (ACBK)

1.3.Қоғамдық бірлестік өзінің қызметінде барлық мүшелердің еріктілігі мен тең құқылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық принциптерін басшылыққа алады.

1.4.Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында және осы Жарғыға сәйкес әрекет етеді.

1.5.Қоғамдық бірлестік мемлекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап заңды тұлға болып табылады, оның жеке меншік құқығы бойынша дараланған мүлкі, дербес балансы бар, дөңгелек мөрі, мөртаңбалары мен орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі атауы жазылған бланкілері, теңгеде және шетел валютасында есеп айырысу және өзге де шоттары бар.

1.6.Қоғамдық бірлестіктің жеке логотипі бар (1-Қосымша). Қоғамдық бірлестіктің рәміздері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге және есепке алынуға тиіс.

1.7.Қоғамдық бірлестіктің өзінің филиалдары мен өкілдіктерін аша алады.

1.8.Қоғамдық бірлестіктің қазақстандық және халықаралық қоғамдық бірлестіктерге кіре алады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы бірлестіктердің жарғысына сәйкес құқықтарға ие болып, міндеттемелер арта алады, тікелей халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар жасап тұра алады, қазақстандық және шетелдік ұйымдармен және мекемелермен, сонымен қатар коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктермен келісімдер жасай алады.

1.9.Қоғамдық бірлестік өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктің тұрақты әрекет етуші басқару органының орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы, Бейбітшілік к-сі, 18-үй, 406-кеңсе.

2. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ

2.1. Қоғамдық бірлестіктің қызметiнiң мәні Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалуға бағытталған қызмет болып табылады.

2.2. Қоғамдық бірлестіктің қызметiнiң мақсаты:

2.2.1 Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау және барлық мүдделі тараптарды тарту арқылы оның пайдаланылу тұрақтылығын қамтамасыз ету;

2.2.2.Қазақстан азаматтарының табиғатты қорғаудағы ой өрісін қалыптастыру, оларды биологиялық алуан түрлілікті сақтау саласындағы белсенді қызметке тарту, Қазақстанның болашақ табиғатына деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, Қазақстан азаматтарының экологиялық ағарту ісіне жан-жақты қолдау көрсету;

2.2.3.Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау және тұрақты пайдалану үшін ғылыми білімдер мен әдістерді жақсарту;

2.2.4 Қазақстанда биологиялық алуан түрлілікті сақтауды тұрақты қаржыландыру жүйесін дамытуға көмек көрсету.

2.3 Қоғамдық бірлестік алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін төмендегi жағдайларды орындауға құқылы:

2.3.1.Биологиялық алуан түрлілікті зерттеу және сақтау жөніндегі ұлттық және халықаралық нысаналы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуде және іске асыруда бастамашы болу және қатысу;

2.3.2.Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігінің, жекелеген түрлердің экожүйелері мен биологиясының қазіргі жай-күйіне ғылыми зерттеулер жүргізу, биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2.3.3.Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау жөніндегі қызметті, оның ішінде оларға қайырымдылық көмек көрсету арқылы жүзеге асыратын мемлекеттік және өзге де мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ жеке тұлғаларға көмек көрсету;

2.3.4.Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін зерттеу және сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіру;

2.3.5.Қоғамдық бірлестік жұмысына қатысуға Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтауға мүдделі заңды және жеке тұлғалардың кең тобын, оның ішінде экологиялық қорларды, табиғатты қорғау жөніндегі аймақтық органдарды және басқа да ұйымдарды, мекемелерді, қоғамдық бірлестіктерді және өзге де құрылымдарды, әкімшілік органдардың мүдделі қызметкерлерін, мамандарды, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтарды, ең алдымен Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің арасынан тарту;

2.3.6.Әртүрлі санаттағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру туралы дәлелді ұсыныстарды алға тарту және оларды жобалауға қатысу;

2.3.7.Бұқаралық мәдени-ағартушылық қызметті, оның ішінде байқаулар, пікірталастар, викториналар, көрмелер ұйымдастыру; Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін зерттеу және сақтау жөніндегі түрлі мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, дәрістер, білім беру турларын, кеңестер өткізу;

2.3.8.Бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау туралы баспасөз хабарламаларын, бейнефильмдер және басқа да материалдар дайындау;

2.3.9.Бұқаралық ақпарат құралдарын құру, заңнамаға сәйкес баспа қызметін жүзеге асыру және баспа өнімдерін өткізу, өз қызметі туралы ақпарат тарату, ақпараттық бюллетендер, журналдар, ғылыми жинақтар, монографиялар, сондай-ақ Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін зерттеу және сақтау саласындағы өзге де полиграфиялық өнімдерді жариялау;

2.3.10.Қазақстанның тірі табиғатына ықтимал әсерін бағалау мақсатында аумақтарды шаруашылық және өзге де пайдалану жобаларына, нормативтік құқықтық құжаттар жобаларына тәуелсіз экологиялық сараптама жүргізу;

2.3.11.Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін зерттеумен және сақтаумен байланысты конференциялар, семинарлар, іскерлік кездесулер, іссапарлар ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсету;

2.3.13.Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін зерттеумен, сақтаумен және пайдаланумен байланысты жаратылыстану-ғылыми, биологиялық, техникалық-экономикалық негіздемелер, ұсыныстар әзірлеу және сараптамалар жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету;

2.3.14.Ғылыми-танымдық және табиғат қорғаушылық турларын ұйымдастыру;

2.3.15. Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау және тұрақты пайдалану бойынша практикалық қызметті жүзеге асыру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жануарлар әлемін қорғаудың мемлекеттік емес қызметін құру;

2.3.16. Қазақстандық және шетелдік жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері үшін ғылыми-өндірістік практикалар өткізу;

2.3.17.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес филиалдар, өкілдіктер, секциялар, комиссиялар, жұмыс топтарын және басқа да бөлімшелер құру;

2.3.18.Мақсатты қорлар, еңбек ұжымдарын, ақпараттық орталықтар және Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін зерттеумен және сақтаумен байланысты басқа да ұйымдастырушылық құрылымдар құру;

2.3.19.Қоғамдық бірлестіктің өкілдерін Қазақстанның шегінде және шетелге іссапарларға жіберу, сондай-ақ шетелден мамандар шақыру.

2.3.20. Жиналыстар, митингілер, демострациялар, шерулер мен пикеттер өткізу;

2.3.21.Соттарда және басқа мемлекеттік органдарда, өзге де қоғамдық бірлестікетерде ҚБСА қызметімен байланысты мәселелер бойынша өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау;

2.3.22.Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді, оның ішінде бұл Қоғамдық бірлестіктің жарғылық мақсаттарына қол жеткізуді білдіретіндіктен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру.

3            ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ МЕНШІГІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ

3.1. Қоғамдық бірлестік негізгі және айналымдағы қаражаттарды дербес құрады, өзінің атынан мәмілелерге отырады, өзінің міндеттемелері бойынша мүліктік жауапкершілік көтереді.

3.2. Қоғамдық бірлестіктің иелігінде жер учаскелері, ғимараттар, құрылымдар, ғимараттар, тұрғын үй қоры, көлік құралдары, жабдықтар, құрал-саймандар, мәдени-ағартушылық және сауықтыру мақсатындағы мүлік, ақшалар, бағалы қағаздары, сонымен қатар осы Жарғымен белгіленген Қоғамдық бірлестіктің қызметін материалдық қамтамасыз етуге қажетті өзге де мүлік түрлері болуы мүмкін.

3.3. Қоғамдық бірлестіктің қаражаттарын құру көздері болып мыналар табылады:

3.3.1.Мақсатты жарналар, сонымен қатар Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің мүшелік жарналары;

3.3.2.Ерікті ақшалай және мүліктік қайырымдылықтар, гранттар;

3.3.3.Кәсіпкерлік, баспа, сыртқы экономикалық қызметтен және азаматтық-құқықтық мәмілелерден түсетін табыстар;

3.3.4.Қоғамдық бірлестікпен өткізілетін семинарлардан, лекциялардан, көрмелерден, кеңестерден және өзге де шаралардан түсетін түсімдер;

3.3.5.Құнды қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (табыстар, сыйақы (мүдде);

3.3.6.Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер.

3.4 Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің жарналары ақшалай сипатта болуы мүмкін. Мүшелік жарналардың мөлшері Қоғамдық бірлестіктің Кеңесімен белгіленеді.

3.5. Қоғамдық бірлестікке оның мүшелерімен, сонымен қатар Қоғамдық бірлестіктің қызметіне қаржылық демеу көрсететін өзге де заңды және жеке тұлғалармен берілген мүлік Қоғамдық бірлестіктің меншігі болып табылады.

3.6. Қоғамдық бірлестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайырымдылық қызмет өткізуге қатысады.

3.7. Қоғамдық бірлестікпен алынатын барлық қаражаттар Жарғыға сәйкес оның мақсаты мен міндеттерін орындау үшін пайдаланылады.

3.8. Қоғамдық бірлестік өзіне тиесілі мүлкімен жауап береді, ол мүлікке қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндіріп алу белгіленуі мүмкін. Қоғамдық бірлестік өзінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ Қоғамдық бірлестіктің мүшелері де Қоғамдық бірлестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

3.9. Қоғамдық бірлестік өзінің даму жолын дербес белгілейді, өзінің кәсіпкерлік, сыртқы экономикалық, қаржылық және өзге қызметін жоспарлайды.

3.10. Қоғамдық бірлестіктің табыстары жарғылық мақсаттарға бағытталады және оның мүшелерінің арасында қайта бөлініске түспейді.

3.11. Қоғамдық бірлестік мен оның құрылымдық бөлімшелерінің мүлікті басқару жөніндегі құқықтары қолданыстағы заңнамамен және Қоғамдық бірлестіктің құжаттарымен белгіленеді.

3.12. Қоғамдық бірлестіктің мүлкіне иелік етумен байланысты Қоғамдық бірлестік пен мүдделі тұлғалар арасындағы мәмілелер мүдделер қақтығысының туындауын болжамдайды. Мүдделі тұлғалар Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директоры, Қоғамдық бірлестіктің Кеңесі мен Тексеру комиссиясының мүшелері, ҚБСА және басқару органдарының құрамына Ассоциясының аталған өкілдері не олардың туыстары кіретін ұйымдардың мүлкіне иелік ету өкілеттіктері бар ҚБСА қызметкерлері болып табылады.

3.13. Қоғамдық бірлестік пен мүдделі тұлғалар арасындағы Қоғамдық бірлестік мүлкіне иелік етумен байланысты мәмілелер мүдделер қақтығысының болуын жобалайды. Мүдделі тұлғалар Атқарушы Директор, Кеңес пен Ревизиялық комиссия мүшелері, мүлікке иелік ету өкілеттіліктері бар қызметкерлер мен басқару органдары немесе құрылтайшылар құрамына Қоғамдық бірлестіктің аталмыш өкілдері немесе олардың туыстары кіретін ұйымдар болып табылады.

3.14. Мүдделер қақтығысы болуы мүмкін мәміле Қоғамдық бірлестік Кеңесі тарапынан бекітілуі тиіс. Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы директоры Кеңесті мұндай мәміленің болжалды жасалуы туралы ақпараттандыруы тиіс.

3.15. Егер мәміле Қоғамдық бірлестіктіңКеңесімен бекітілмесе, мүдделер қақтығысы болған жағдайда жасалған мұндай мәміле нәтижесінде Қоғамдық бірлестікке келтірілген шығындарды өтеу бойынша жауапкершілікті мүдделі тұлға арқалайды. Егер шығындар бірнеше мүдделі тұлғалардың іс-қимылдары нәтижесінде пайда болса, олар Қоғамдық бірлестік алдында ортақ жауапкершілік танытуы тиіс.

3.16. Шығындарды өтеумен қатар, мүдделі тұлға сондай-ақ Қоғамдық бірлестікке ондай мәмілені жасасу нәтижесінде алған бүкіл табысын қайтаруы тиіс.

4. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Қоғамдық бірлестіктің мүшелері ретінде Қоғамдық бірлестіктің Жарғысын мойындайтын және оның қызметіне қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтағы жоқ тұлғалар бола алады.

4.2. Қоғамдық бірлестік мүшелігіне қабылдау мүшелік жарнаны төлеуден кейін Қоғамдық бірлестікке енуге тілек білдірушінің жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Қоғамдық бірлестік мүшелігіне қабылдау тіркеу сипатына ие, алайда өтініш берушінің алдыңғы қызметі/айтылған ұстанымы Қоғамдық бірлестік Жарғысына сәйкес келмеген жағдайларда, Кеңес шешімімен өтініш кері қайтарылуы мүмкін.

4.3. Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің құқықтары:

4.3.1.Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналыстарына шешуші дауыс беру құқығымен қатысу. 16 жасқа толған Қоғамдық бірлестіктің мүшелері белсенді сайлау құқығына ие (Жалпы жиналысты өткізуге дейін 90 күн мүшелікте болу мерзімімен); Қоғамдық бірлестіктің басқару органдарына 18 жасқа толған Қоғамдық бірлестіктің мүшелері сайлана алады.

4.3.2.Қоғамдық бірлестікпен жүзеге асырылатын барлық шаралар мен қызмет түрлеріне қатысу;

4.3.3.Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорының жазбаша тапсырмасы бойынша мемлекеттік және қоғамдық органдарда Қоғамдық бірлестікті таныту;

4.3.4.Қоғамдық бірлестік Кеңесінің келісуімен секцияларға, комиссияларға, жұмыс топтарына, клубтарға және бейін немесе қызметтің басым бағыттары бойынша басқа да топтарға бірігуге;

4.3.5.Қоғамдық бірлестіктің жұмысы туралы толық мәліметтер алу;

4.3.6.Қоғамдық бірлестіктің кез келген органдарына оның қызметіне қатысты сұрақтар бойынша ұсыныстар енгізу;

4.3.7.Қоғамдық бірлестік қызметімен байланысты өз құқықтарының қорғалуына ықпалдастық танытуды өтініп, Қоғамдық бірлестіктің басқару органдарына жүгінуге.

4.3.8.Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің құрамынан өзінің қалауы бойынша ерікті шығу.

4.4. Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің міндеттері:

4.4.1.Қоғамдық бірлестіктің Жарғысын сақтау және басқару органдарының шешімдерін орындау;

4.4.2.Қоғамдық бірлестіктің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсету және қатысу;

4.4.3.Жыл сайынғы мүшелік жарналарды Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысының және Кеңесінің шешімдерімен қарастырылған тәртіпте және мөлшерде уақытылы және толық көлемде енгізу; 4.4.4.Қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы құпия ақпаратты және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламау (коммерциялық құпия ретінде Қоғамдық бірлестікке залал тигізуі мүмкін кез келген ақпарат саналады), сонымен қатар Қоғамдық бірлестікке нұқсан тигізуі мүмкін кез келген қызметті атқарудан бас тарту

4.5.Мүшені Қоғамдық бірлестіктің құрамынан шығару келесі түрде жүзеге асады:  

4.5.1.Ерікті шығу кезінде мүшенің жазбаша өтініші бойынша; 

4.5.2.Осы Жарғы талаптарын  сақтамаған жағдайда Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің негізделген шешімі бойынша; 

4.5.3.Қоғамдық бірлестіктің мүшесі үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін мүшелік жарнаны төлемеген жағдайда, автоматты түрде. 

4.6.Белгіленген  мүшелік жарна сомасын мерзімінде төлемеген Қоғамдық бірлестіктің мүшелері Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысында дауыс беру құқығынан және Қоғамдық бірлестіктің мұшелерінің басқа да құқықтарынан айырылады. Жарналарды төлеу бойынша қарыздарды өтеген соң, Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің Қоғамдық бірлестіктің жиналыстарына қатысу өкілеттіктері қайтарылады.

5. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ

5.1. Қоғамдық бірлестік құрылымы:

5.1.1. Жоғары басқару органы – Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысы;

5.1.2. Атқарушы басқару органы – Қоғамдық бірлестіктің Кеңесі;

5.1.3. Бақылаушы орган – Қоғамдық бірлестіктің Ревизиялық комиссиясы.

5.2.Қоғамдық бірлестіктің жоғары басқару органы екі күнтізбелік жылда кем дегенде бір рет шақырылатын Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысы болып табылады. Жалпы жиналыс кезекті және кезектен тыс болып, мүшелердің жалпы жиналысы немесе Қазақстанның облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан келген делегаттар жиналысы түрінде өте алады.

Кезекті Жалпы жиналысты өткізу мерзімі туралы шешім Қоғамдық бірлестік Кеңесі тарапынан қабылданады. Кезекті Жалпы жиналыс Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы директоры тарапынан Қоғамдық бірлестік мүшелерін Жалпы жиналысты өткізгенге дейін кем дегенде 30 күн бұрын ескерте отырып, шақырылады. Кезектен тыс Жалпы жиналыс Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы директоры тарапынан Қоғамдық бірлестік Кеңесі мүшелерінің үштен бірінің, Қоғамдық бірлестік мүшелерінің үштер бірінің немесе Ревизиялық комиссия мүшелерінің үштен екісінің талабы бойынша кезектен тыс жалпы жиналысты өткізгенге дейін кем дегенде 30 күн бұрын ескерте отырып, шақырылады.

Жалпы жиналысты өткізу орнын Қоғамдық бірлестік Кеңесі анықтайды. Қоғамдық бірлестік Кеңесі Жалпы жиналысты қандай үлгіде өткізу туралы шешім қабылдайды.

Қоғамдық бірлестік мүшелерініңЖалпы жиналысы егер оған шешуші дауыс беру құқығы бар Қоғамдық бірлестік мүшелерінің үштен бірінен астамы қатысса, заңды деп саналады. Делегаттардың жалпы жиналысында делегаттарға арналған өкілдік ету нормалары Қоғамдық бірлестік Кеңесі шешімімен анықталады. Делегаттар Қазақстан облыстары мен республикалық маңызы бар қалалардағы Қоғамдық бірлестік мүшелері тарапынан таңдалады. Делегаттардың жиналысы оған делегаттардың жалпы санының 9/10 астамы қатысса, алайда жиырмадан кем болмаған жағдайда заңды деп саналады.

Шешімдер Қоғамдық бірлестіктің қатысушы мүшелері (немесе делегаттары) дауысының көпшілігімен қабылданады, дауыс беру үлгісі Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысымен анықталады (Жарғыда қарастырылған жағдайларды қоспағанда). Атауды өзгерту, Жарғыға өзгеріс енгізу және Қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша шешімдер Қоғамдық Бірлестіктің Жалпы жиналысына қатысушы Қоғамдық бірлестік мүшелері (немесе делегаттар) дауысының үштен екісімен қабылданады.

5.3. Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысының ерекше құзыретіне келесі мәселелер жатады:

5.3.1.Қоғамдық бірлестіктің Жарғысын қабылдау, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

5.3.2.Қоғамдық бірлестіктің ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы және оның мүлкінің тағдыры туралы шешімдер қабылдау;

5.3.3.Қоғамдық бірлестіктің басқару органдарының құзыретін, ұйымдық құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттіктерін тоқтатуды айқындау;

5.3.4.Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорыныңқаржылық есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімділігін белгілеу, сондай-ақ Тексеру комиссиясының тексеру нәтижелерін бекіту;

5.3.5.Заңнамамен бекітілген шектерде Қоғамдық бірлестіктің басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілдіктерін құру немесе қызметіне қатысу туралы шешім қабылдау;

5.3.6.Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің мүшелерін сайлау;

5.3.7.Қоғамдық бірлестіктіңКеңесі туралы ережені бекіту;

5.3.8.Тексеру Комиссиясының мүшелерін сайлау;

5.3.9.Тексеру комиссиясы туралы қаулыны бекіту;

5.3.10.Қоғамдық бірлестіктіңЖалпы жиналысының жұмыс регламентін анықтау;

5.3.11.Қоғамдық бірлестік, Ревизиялық комиссия мүшелері немесе қоғамдық бірлестіктің Атқарушы директоры тарапынан Жалпы жиналыстар арасындағы кезеңде Кеңеске қарауға енгізген Қоғамдық бірлестік қызметіне қатысты Қоғамдық бірлестік Кеңесі өкілеттілігі шеңберінен тыс немесе Қоғамдық бірлестік Кеңесі қабылдамаған ұсыныстарды қарау.

5.4.Қоғамдық бірлестіктің мүшелері (не делегаттар) Асоциацияның Жалпы жиналысында шешуші дауыс беру құқығына ие. Дауыс беру құқығы жеке қолданылады және (сеніп тапсырыла) алмайды.

5.5.Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысына Қоғамдық бірлестіктің мүшелерімен қатар, Қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері және кеңес дауысын беру құқығына ие басқа да шақырылған тұлғалар қатысуы мүмкін.

5.6.Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналыстары арасында Қоғамдық бірлестіктің  басқарудың кеңесу органының функцияларын Қоғамдық ұйымның Кеңесі атқарады, ол күнтізбелік жылда кем дегенде екі рет жиналады және Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің арасынан жабық дауыс беру арқылы үш жылға Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысымен сайланатын 7 адамнан тұрады. Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің мүшелері 2 реттен артық қайта сайлана алмайды. Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің отырысын Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің Төрағасы басқарады және оған Кеңес мүшелерінің жартысынан астамы қатысатын болса, құқылы болып саналады. Кеңестің отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен Қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері, сондай-ақ басқа да шақыртылған тұлғалар қатыса алады. Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің Төрағасы және Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық бастауларда орындайды, олардың Қоғамдық бірлестіктің штаттық қызметтерін атқаруына жол берілмейді.

5.7.Қоғамдық бірлестіктің кеңесі:

5.7.1.Қоғамдық бірлестіктің басты қызмет бағыттарын айқындайды және Ассоциацяның Даму стратегиясын бекітеді;

5.7.2.Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорын тағайындайды және қызметтен босатады;

5.7.3.Қоғамдық бірлестіктің Кеңесі мүшелерінің арасынан Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің төрағасын сайлайды;

5.7.4.Қоғамдық бірлестіктің келесі Жалпы жиналысына дейін Кеңестің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін кемінде 12 ай мүшелік өтілі бар Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің арасынан Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің қосымша мүшелерін сайлайды.

5.7.5.Қоғамдық бірлестіктің мамандандырылған ішкі құрылымдық бөлімшелерін құру туралы мәселелерді қарастырады және олар туралы Ережелерді бекітеді;

5.7.6.Қоғамдық бірлестіктің Филиалдары мен Өкілдіктері туралы Ережелерді, сондай-ақ Қоғамдық бірлестіктің  құратын заңды тұлғалар туралы Ережелерді қарастырады және бекітеді;

5.7.7.Қоғамдық бірлестіктің қызметінің бейіні немесе басым бағыттары бойынша секциялар, комиссиялар, жұмыс топтары, клубтар мен басқа да топтары туралы Ережелерді қарайды және бекітеді;

5.7.8.Қоғамдық бірлестікке мүшелік туралы Ережені, мүшелік жарналардың мөлшерін және төлеу тәртібін, Қоғамдық бірлестіктің символикасының үлгілерін бекітеді;

5.7.9.Қоғамдық бірлестіктің Кеңесі туралы Ережеге сәйкес Қоғамдық бірлестіктің қаржылық және басқа да ішкі реттеу ережелерін қарайды және бекітеді;

5.7.10.Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорының есепті кезеңдегі техникалық және қаржылық есептерін және Қоғамдық бірлестіктің бюджетінің жобасын қарастырады және бекітеді;

5.7.11.Қоғамдық бірлестіктің Жарғысы негізінде Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің құрамынан шығару және Қоғамдық бірлестіктің мүшелігіне қабылдаудан бас тарту туралы шешімдерді қарастырады және бекітеді;

5.7.12.Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысына материалдар дайындайды, Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорына оларды жүргізуге көмектеседі;

5.7.13.Қажет болған жағдайда Қоғамдық бірлестіктің ағымдағы қызметін жақсарту бойынша Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорына ұсыныстар енгізеді;

5.7.14.Қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысты Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің ұсныстарын қарайды;

5.8.Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің Төрағасы Қоғамдық бірлестіктің Кеңесін басқарады, Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің жұмысын басқарады, Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысы мен Кеңесінің отырыстарын ұйымдастырады және өткізеді, Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысы мен Кеңесімен қабылданған құжаттарға қол қояды. Кеңес Төрағасы Қоғамдық бірлестіктің отырысын немесе Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысын ұйымдастыра алмаған немесе оларға қатыса алмаған жағдайда, ол өзінің өкілеттіктерін жазбаша түрде Кеңес мүшелерінің біріне беруі тиіс.

5.9.Қоғамдық бірлестіктің Кеңесі мүшелігіне және Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің Төрағасы қызметіне кандидаттар Қоғамдық бірлестіктің кем дегенде бес мүшесімен ұсынылады. Кандидаттардың тізімі Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысына дейін он күн бұрын Қоғамдық бірлестіктің барлық мүшелеріне жіберіледі.

5.10.Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директоры Қоғамдық бірлестіктің атқарушы органы және бірінші басшысы болып табылады, ол Қоғамдық бірлестіктің қызметінің барлық бағыттары бойынша ағымдағы басшылықты және жедел басқаруды жүзеге асырады, сонымен қатар:  

5.10.1.Қоғамдық бірлестіктің қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады, Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысының және Кеңесінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

5.10.2.мемлекеттік, үкіметтік емес, ғылыми, табиғат қорғау және басқа да қазақстандық, шетелдік және халықаралық мекемелер мен ұйымдарға қатысты Қоғамдық бірлестікті танытады;

5.10.3.Қоғамдық бірлестіктің атынан басқа ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, басқа құрылымдар мен азаматтармен шарттар жасайды;

5.10.4.Егер өзге тәртібі Қоғамдық бірлестіктің жалпы жиналысының шешімімен көзделмесе, өткен кезең ішінде атқарылған жұмыстар бойынша Қоғамдық бірлестіктің Кеңесі мен Жалпы жиналыс алдында есеп береді және жыл сайын қаржылық есептіліктер тапсырады;

5.10.5.Қоғамдық бірлестіктің штаттық кестесін бекітеді, Қоғамдық бірлестіктің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және қызметтен босатады, Қоғамдық бірлестіктің қызметкерлерінің жұмысын басқарады;

5.10.6.Қоғамдық бірлестіктің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқауларды береді және бұйрықтар шығарады, Қоғамдық бірлестіктің қызметкерлеріне ынталандыру және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

5.10.7.Халықаралық және ұлттық жобалар мен бағдарламалар бойынша жұмысты ұйымдастырады және қадағалайды, олар бойынша үйлестірушілерді, басшыларды және жетекшілерді тағайындайды;

5.10.8.Қоғамдық бірлестіктің мүлкі мен қаражатын басқарады және ол үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысы және Кеңесі алдында жауапкершілік көтереді;

5.10.9.Қоғамдық бірлестіктің атынан сенімхаттар береді;

5.10.10.Банктерде шоттар ашады, Қоғамдық бірлестіктің қаржылық және салық құжаттарында бірінші қол қою құқығына ие;

5.10.11.Қоғамдық бірлестіктің ішкі және сыртқы қызметі саласында барлық құжаттарға қол қояды;

5.10.12.Қазақстандық, шетелдік және халықаралық басқа да ұйымдармен және мекемелермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекеттестікті, бірлескен жұмысты және байланысты ұйымдастырады;

5.10.13.Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналыстары мен Кеңестерінің отырыстарын ұйымдастырады.

5.11.Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директоры таңдау үшін жарияланған критерийлері көрсетілген ашық конкурстық іріктеу негізінде үш жыл мерзімге Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысымен тағайындалады. Аталған мерзім аяқталғанда, Қоғамдық бірлестіктің Кеңесі атқарылған жұмыс туралы Атқарушы Директордың есебін тыңдайды және Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорымен жасалған еңбек шартының мерзімін келесі үш жылға ұзарту туралы, не болмаса Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директоры лауазымына жаңа конкурс жариялау туралы шешім шығарады.

5.12.Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директоры өз міндеттерін жеткіліксіз атқарған жағдайда немесе Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директоры жазбаша өтініші бойынша Қоғамдық бірлестіктің Кеңесі Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директоры міндеттерін атқарушыны тағайындау және екі ай мерзімге Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директоры лауазымына конкурс жариялау арқылы Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директоры еңбек шартын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдай алады.

5.13.Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорын тағайындау және қызметтен босату, оның еңбек шартының мерзімін ұзарту және Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорының міндетін атқарушыны тағайындау туралы шешім Қоғамдық бірлестіктің Кеңесі мүшелерінің кем дегенде үштен екі бөлігімен қабылданады.

6. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ

6.1.Қоғамдық бірлестіктің жұмысын жүзеге асыру үшін аймақтық құрылымдар - Филиалдар мен Өкілдіктер құрылады. Қоғамдық бірлестіктің Филиалдары мен Өкілдіктері заңды тұлғалар болып табылмайды және өздерінің қызметін осы Жарғының негізінде және Қоғамдық бірлестіктің Кеңесімен бекітілген өздері туралы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

6.2.Қоғамдық бірлестіктің Филиалдары орын-орнында Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің бастамасы бойынша құрылады және Қоғамдық бірлестікке бағынады.

6.3.Қоғамдық бірлестіктің Филиалдары мен Өкілдіктері мәселелерді Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорымен бiрлесе отырып шешуi керек.

6.4.Қоғамдық бірлестіктің Филиалдары мен Өкілдіктері жыл сайын белгіленген мерзімде Қоғамдық бірлестіктің Атқарушы Директорына өзінің қызметі туралы мәліметтерді ұсынады.

6.5.Жарғылық міндеттерді шешу үшін Қоғамдық бірлестік өз қызметін Қоғамдық бірлестік Кеңесі бекіткен Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратын мамандандырылған ішкі құрылымдық бөлімшелер құра алады.

7. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІҢТІҢ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

7.1.Қоғамдық бірлестіктің Тексеру комиссиясы Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысымен үш адамнан тұратын құрамда үш жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысына ғана есеп береді. Тексеру комиссиясы өзінің құрамынан Төрағаны сайлайды.

7.2.Тексеру комиссиясы қажеттілігіне орай Қоғамдық бірлестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеріс жүргізеді және Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысының алдында есеп береді. Қоғамдық ұйымның Жалпы жиналысының шешімі бойынша Қоғамдық бірлестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне тексерулер шарттық бастамаларда тәуелсіз аудиторлық ұйымдармен жүргізілуі мүмкін.

7.3.Тексеру комиссиясының Төрағасы Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің отырыстарына кеңес дауысын беру құқығымен қатысады. Тексеру комиссиясының мүшелері бір уақытта Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің құрамына кіре алмайды.

8. ЖАРҒЫҒА ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

8.1.Қоғамдық бірлестіктің Жарғысына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар осы Жарғының 5.2.-бабының ережелеріне сәйкес және Қоғамдық бірлестіктің Жалпы Жиналысының Регламентіне сәйкес Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысының шешімімен ғана қабылданады.

8.2.Осы Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар Қоғамдық бірлестіктің кез келген  мүшесімен немесе Қоғамдық бірлестіктің құрылымдық бөлімшесімен жазбаша нысанда Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің атына, Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысына дейін 60 күннен кешіктірілмей енгізіле алады. Қоғамдық бірлестіктің Кеңесінің барлық мүшелерінің 2/3 көпшілігімен қабылданған жағдайда, мәселе Кеңестің шешімі туралы ұсыныс авторларына Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысы басталғанға дейін 30 күннен кешіктірілмей жазбаша хабарландырылып, Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысының қарауына ұсынылады. Осы Жарғыны өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстар, бұл туралы Қоғамдық бірлестіктің Кеңесіне Қоғамдық бірлестіктің жалпы жиналысына дейін кем дегенде 10 күн бұрын жазбаша хабарландырылып, Қоғамдық бірлестіктің кем дегенде 5-20 мүшесінен немесе Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен тұратын тобының Жалпы жиналысына тікелей енгізілуі мүмкін.

9. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

9.1.Қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру осы Жарғыға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғамдық бірлестікті Жалпы жиналысының шешімі бойынша қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру жолымен жүргізілуі мүмкін.

9.2.Қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру оған тиесілі құқықтар мен міндеттемелердің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құқылы мирасқорына өтуіне алып келеді.

9.3.Қайта ұйымдастырылғаннан кейін жаңадан құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

10. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІ ТАРАТУ ТӘРТІБІ

10.1.Қоғамдық бірлестікті тарату Қоғамдық бірлестіктің Жарғысына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысының шешімі бойынша, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайда және тәртіпте сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

10.2.Қоғамдық бірлестік таратылған жағдайда Қоғамдық бірлестіктің Жалпы жиналысы Тарату комиссиясын тағайындайды. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған Қоғамдық бірлестіктің істерін басқару өкілеттігі өтеді. Тарату комиссиясы Қоғамдық бірлестіктің қолма-қол мүлкін бағалайды, оның дебиторлары мен кредиторларын анықтайды, олармен есеп айырысады, тарату балансын бекітуге ұсынады. Банктермен және өзге де кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған Қоғамдық бірлестіктің ақшасы мен мүлкі Қоғамдық бірлестіктің Жарғысымен қарастырылған мақсаттарға бағытталады және Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің арасында бөлінбеуі керек.

10.3.Қоғамдық бірлестікті заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінен алып тастау үшін Қоғамдық бірлестікті тарату туралы шешім Қоғамдық бірлестікті тіркеген органға бағытталады.

10.4.Қоғамдық бірлестік заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінен алынып тасталған күннен бастап өз қызметін тоқтатқан болып есептеледі.


Назад