Iздеу

ҚБСА Кеңесі

КЕҢЕС ТӨРАЙЫМЫ
Воронова Вера Владимировна, Кеңес төрайымы. 1987 жылы Қарағанды қаласында туған. Букетов Е. А. атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің билогия-география факультетін Эколог мамандығы бойынша аяқтаған. Қазіргі уақытта Қарағанды экологиялық мұражайында табиғатты қорғау жобаларының координаторы болып қызмет етеді. 2011 жылдан бастап құстардың электр желілерінде мерт болу мәселесімен айналысады. 2009 жылдан бастап ҚБСА Кеңесінің мүшесі, 2012 жылдың ақпан айында оның төрайымы болып тағайындалды.

 

КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ
Айткулов Айдар Муратович, 1971 жылы туған. Биология ғылымдарының кандидаты, физиология кафедрасының доценті, қазіргі уақытта Букетов Е. А. атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология-география факультетінің деканы, биология-география факультеті Кеңесінің төрайымы, ректорат ғылыми алқасының және қабылдау комиссия мүшесі. 40 жарияланымы бар (мақалалар, конференция материалдары, оқу және әдістеме жинақтары). 2009 жылы "Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін" Білім және ғылым министрлігінің омырау белгісімен марапатталған. 2012 жылдың ақпан айынан бастап ҚБСА Кеңесінің мүшесі.
Бербер Александр Петрович, 1961 жылы Ресейдің Краснодар аймағындағы Тихорецкий ауданының Усть-Джегутиновка ауылында туған. Нағыз уақытта аңшылар қоғамдық бірлістіктері және аңшылық шаруашылығының субъекттері республикалық ассоциациясының жетекшісі. Он жылдан астам ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарағанды облысының аймақтық инспекциясы орман және аңшылық шаруашылығының бастығы болып жұмыс істеді. 108 ғылыми жұмыс жариялаған, оның ішінде 4 монография бар; архар және табиғатты қорғау заңнамасы бойынша Қазақстанның жетекші мамандарының бірі. 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми кеңесінің мүшесі. Бірқатар алғысхаттар мен медальдармен марапатталған, 2011 жылы ҚР Президенті Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған. 2012 жылдың ақпан айынан бастап ҚБСА Кеңесінің мүшесі.

Вилков Владимир Семенович, 1954 жылы Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл ауданы  Пресновка ауылында дүниеге келген. Биология ғылымдарының кандидаты, М. Қозыбаев атындағы солтүстік мемлекеттік университеті "Жалпы биология" кафедраның меңгерушісі. Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары: Солтүстік Қазақстанның құстар және сүтқоректі жануарлар дүниесінің жағдайы мен ресурстарын, олардың биологиясы, зоологиясы, қорғалуы мен қалыпты пайдалануын зерттеуі. 150 астам ғылыми еңбегі жарияланған, оның ішінде 2 монография бар (бірлескен авторлық). 2012 жылы ҚР білім және ғылым  министрлігінің  "ҚР ғылым дамыту еңбегі"  төс белгісімен марапатталды. 2014 жылдан бастап ҚБСА Кеңесінің мүшесі.

 

 

 

Боровая Наталья Алексеевна 1980 жылы туған. 2003 жылы аль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін журналистика факультетін бітірген. "Саяхат желі" журналының бас редакторы, Мензбір орнитологиялық қоғамның мүшесі. Көптеген табиғат туралы мақалалар авторы. Саяхаттау, суретке түсіру, көрген заттардан қуанышымен бөлісу - оның әуесқойлығы. 2013 жылдан шілде айынан бастап ҚБСА Кеңесінің мүшесі. 

 

Панченко Наталья Вячеславовна 1975 жылы туған. Экологиялық саясат және басқарма мектебі  Индиана университетінің магистр дәрежесімен бітірді, мамандығы - "Мемлекеттік экологиялық саясаты мен басқармасы. Нағыз уақытта БҰҰ және Азиялық  Даму Банкі (АДБ) даму жобалырының (БҰҰДБ) шегінде қоршаған орта қорғау мәселерінің сарапшысы қызмет етеді. Биолуантүрлілікті сақтау және жердің азуын болдырмау саласында жобаларды өңдейді, орта мерзімді және ақырғы жобалар бағалауын өткізеді, ақырғы жобалық құжаттарды дайындайды. Тау серуенмен, суретпен айналысады. 
 жу

Хроков Валерий Васильевич, 1946 жылы Шығыс-Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Орнитолог, биология ғылымдарының кандидаты. Қызметінің негізгі бағыты: орнитологияның әр түрлі саласындағы зерттеулер – фауна, биология, экология, этология, сирек құстар және оларды қорғау, мониторинг. Орнитологиядағы жұмыс өтілі  – 45 жыл. Орнитология бойынша 280 астам ғылыми еңбек жариялаған, оның ішінде «Птицы Кургальджинского заповедника» (1985) монографиясы және 150 астам ғылыми-танымдық еңбегі, оның ішінде 4 кітабы бар. 2012 жылдың ақпан айынан бастап ҚБСА Кеңесінің мүшесі.