Iздеу

ҚБСА тарихы

"Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі 2004 жылы құрылып, Алматы қаласында биоалуантүрлілікті сақтау саласында қызмет ететін заңды тұлғалар ассоциациясы ретінде "Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы" атауымен тіркелді. Сол кезде ҚБСА құрамына құрылтайшы ретінде үш үкіметтік емес ұйым енді: Қазақстан құстарды қорғау бірлестігі (Алматы), "Ремез" құстар әуесқойлар қоғамы (Алматы) және «Арлан» табиғатты қорғау қоғамдық отралығы (Қарағанды), кейінірек "Родник" ҮЕҰ (Қорғалжын ауылы) и "Наурзум" (Қостанай) енді. 2009 жылдың сәуірінде ҚБСА ҚР Әділет Министрлігінде (тіркелу куәлігі № 5093-1900-ОО от 27.04.2009) жекеленген мүшелікпен республикалық қоғамдық бірлестік ретінде қайта тіркелді.

 

ҚБСА мақсаты - ғылыми негізде жануар әлемінің алуантүрлілігін бір қалыпт сақтау, осы мақсатта ұлттық және халықаралық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен серіктестікті дамыту, табиғатты қорғау саламында қызмет ететін мамандарды даярлауда көмек көрсету.



  • ҚБСА ғылыми және табиғатты қорғау бағытында бірқатар жобаларды іске асырып, бұл қызметін жалғастыруда
  • 2007 жылы ҚБСА 5 университетте – Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Петропавловск және Семейде – ҚБСА клубтары ашылды. 2008 жылы бұндай клуб Астанада да құрылған.
  • ҚБСА басқа қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық ұйымдармен бірлесе қызмет етіп, Қазақстанның табиғатты мен жануарлар әлемін қорғау мақсатында еңбек ететін әрбіреумен бірігіп, алға қойған міндеттерін орындауға дайын.