Iздеу

Еркін көмек

Волонтерство

ҚБСА-дағы еркін көмек

ҚБСА қызметкерлері Қазақстанның жабайы табиғат қорын сақтау мақсатында қажымастан қызмет етеді. Біз жұмысымызды кеңседе тек қана компьютер алдында отырып атқармаймыз... Қызметкерлеріміздің көп бөлігі ашық далада жабайы жануарлар мен ландшафттарды сақтау мақсатында еңбек етеді. Табиғатқа әрқайсысымыз көмек көрсете аламыз.

Еркін көмекші ретінде ҚБСА қатарына қосылыңыз!    

Еркін көмекшілер келесі бағытты көмек керсете алады:

науқандар мен конференцияларды ұйымдастыру;
 Қазақстанның жабайы табиғатын суретке түсіру, таспаларды монтаждау;
құстарды санауға арналған экспедицияларға қатысу;
аударма қызметі.

Егерде сіз ҚБСА қатарына еркін көмекші ретінде қосылғыңыз келсе, acbk@acbk.kz поштасына көмек көрсететін салаңызды ескертіп, хат жазыңыз.

Еркін көмекші болу үшін, ҚБСА мүшелігіне ену қажет емес!