Iздеу

Жоба территориясы

2005 жылдан бастап жобаның негізгі ғылыми және мониторингтік қызметі Теңгіз көлінің шығысына қарай 22 000 км² жерді қамтитын территорияда шоғырланған. Бұл территорияны жобалық территоия деп атауға болады, себебі осы аймақта зерттеу жұмысының басым бөлігі жүзеге асырылды. Оның шеңберінде тарғақтардың ұялау топтарының мониторингі жасалды.

Қазақстандағы тарғақтардың ұялау мекендерін анықтау үшін көп күш жұмсалды: әдебиеттегі мағлұматтар мен бақылаулар нәтижелерін ескеріп зерттеу арқылы оларды анықтау мүмкін болды. 2006 жылы Қостанай облысының Наурзым ауданы мен Павлодар облысының Ертіс бойындағы ауылдар маңы зерттелді.

2006 және 2007 жылдары жоба топтары батыс және шығыс Қазақстан және Қарағанды облысының Жезқазған ауданында тарғақтардың ұялау мекендерін іздеді.

2008 жылы Есіл өзенінің бойы зерттеліп, жобаның бір отряды Мұғалжар тауларында серіктік хабарлағыш орнатылған тарғақты іздеуге аттанды. Бұл тарғақ Суданнан Қазақстанға қайта оралып, Мұғалжарда ұя салуда деген мәлімет болды.

Зерттеушілер Ақтөбе облысы маңатынан көптеген тарғақ жұптарын, ұялары мен балапандарын анықтады. Бір жұмадан соң, жобаның басқа тобы шығыс Қазақстанды зерттеп, онда да ұялау мекендерінің бар болуын растады.

2010 жылы батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысында тарғақтардың тарихи ұялау мекені зерттелді. Бұнда бірнеше ұялау колониялары мен қоныс аударушы топтар анықталды.


Назад