Iздеу

Үкі – 2017 жылдың құсы

27.12.2016

Казақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА)  Қазақстан құстар қорғау одағымен бірге 2017 жылдың құсын таңдады – бұл үкі.

Үкі – жапалақ тұқымдастардың жыртқыш құсы. Денесі ірі (3 кг. дейін жетеді), үлкен сарғылт көздер, басында ұзартылған қауырсын – «құлақшалар», соның арқасында үкі танымалы, бірақ сонымен бірге қорқынышты құс болып келеді. Көркем әдебиетте құстың бейнесі игіліктен алыс, шынайы өмірде адамға зиян келтірмейді, оның үстіне қазақтарда және басқа түркі елдерде үкі киелі құс ретінде саналады. Үкімен кездесу – жақсы белгі.  

Үкінің таралу аймағы үлкен, ол ормандарда, таударда мекендейді, бірақ әр жерде де ол сирек. Мықты жыртқыш қояндарды, кеміргіштерді, кірпілерді, құстарды, кейбір кезде тасбақаларды және балықтарды жейді. Түнгі және ымырт өмір сүреді. 

 

Үкі Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Адамның белсендік шаруашылық әрекеті ұялау орындарын азайтады, одан басқа үкілер автомобиль жолдарында және жоғары вольтті электржелілерде қаза болады. Ең маңызды мәселе – тырнақтарынан мүлдем және қауырсынан тұмар жасау үшін өлтіреді, дегенмен оның аулауына тыйым салынған. Қазақстанда  үкілердің басқа 12 түрі азап шегеді. Үкілер табиғатта өте пайдалы – олар кеміргіштерді және түнгі зиянды жәндіктерді жояды.

Қазақстанда Жыл құсы 2007 жылдан бастап өткізіліп жатыр. Негізігі мақсаты – табиғатқорғау акциялар және насихаттау арқылы халықтың назарын елеулі құстарға аудару.  


Артқа