Iздеу

Қазақстанда және Өзбекстанда сұры келес сақтауы

14.12.2016

«Қазақстанда және Өзбекстанда сұры келес сақтау шараларын өңдеу» жобаның жұмыстары аяқталды. Сұры келес – Орталық Азияда және Қазақстанда Varanidae тұқымдастарының жалғыз өкілі. Бірнеше мемлекеттердің Қызыл Кітаптарына кірген: Қазақстан (2010), Өзбекстан (2009), Қырғызстан (2006) және Жоқ болып кету қауіпі бар флора мен фаунаның халықаралық саудасы жайлы БҰҰ Конвенциясына енгізілген.

Жоба үстінде зерттеушілер Қазақстанда және Өзбекстанда келес таралу туралы қызық деректерге ие болды. Қазақстанда сұры келес мекендейтін жері көбінесе шығысқа таралып жатқаны мәлім болды. Бүгінгі күнге дейін нағыз Орта Азияның ең ірі кесірткесі Сырдарияның оң жақ жағалауына дейін кездеседі деп саналған. Бірақ биыл келес Оңтүстік Қазақстанда, Сарыағаш қаласының қасында және Дәрбоз бекетіне жақын көрінді. Ал Солтүстік Қызылқұмда Қызылорда шектеріне дейін келес кездескен жоқ. Шекара жасағының қызметшілеріне арналған көптеген сауалнамалар нәтижелері бұл деректі дәлелдейді. Өзбекстанда келестің солтүстік шекарасы анықтап алынды.   

Сұры келес алғашқы рет жерсеріктік хабарлағыштармен белгілінді. Олар рептилияның тәуліктік қозғалыс және белсендік жайлы маңызды деректерді береді.

Өкінішке орай, сұры келес Қазақстанда және Өзбекстінда сүйкімді жануарға жатпайды. Келестер жиі адам қолынан қаза табады. Сұры келес сақтау шегінде халықты бірегей жануар туралы хабардар қылу елеулі мақсаттардың бірі.

Бір жылдың ішінде жобаның орындаушылары Марина Чириковамен алда Шымкент, Алматы және Амлаты облысының Панфилов ауылы тұрғындарына бірнеше сұры келес және оны сақтау мәселелері жайында семинар-лекция өткізді. Келес және оның пайдасы кітапшалары таратылды және «Сұры келесті сақтайық» тақырыбына арналған үш сурет байқаулары өткізілді, осылай балалар қызық рептилиямен танысты.

Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазМУ базасында сирек кездесетін және азайып бара жатқан түрлеріне арналған дөңгелек үстел және Өзбекстанда сирек және азайып бара жатқан түрлеріне арналған конференциясында Қазақстанда және Өзбекстанда сұры келес сақтау ұсыныстары өңделді.

Жобаны орындаған Чирикова Марина, қолдаған ұйымдар: Руффорд қоры және ҚР Білім және Ғылым Министрлігі (Зоология институты). Жобаға қатысқан ұйымдар: Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА), Шымкент және Алматы зообақтары, Ғылым Ордасы табиғат мұражайы және «Wild Nature Kazakhstan» ЖШС.


 


Артқа