Iздеу

Биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау

21.11.2016

18 қарашада Парламент Сенатында ҚР биоалуантүрлілікті сақтау заңнамалық қамту жайында өзекті мәселелер тақырыбына арналған  тыңдау өтті.

Тыңдауда Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы ең маңызды мәселер туралы айтылды. Парламенттің төрағасы Қасымжомарт Тоқаев мемлекеттегі биоалуантүрлілік жағдайы жайлы соңғы көншітпейтін деректер келтірді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов биоалуантүрлілікті пайдалану және сақтау жөнінде өзекті мәселерді және шешу жолдарын айтып өтіп, Министрлік жұмыстың негізгі нәтижелері турасында хабарлады.  

Ботаника институты және фитожерсіну, Биологиялық қауіпсіздік мәселер ғылыми-зерттеу институтының басшылары және Шығыс-Қазақстан облысы әкімнің орынбасары Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау жайлы негізгі мәселелерді және ұсыныстарды талқылады. Спикерлердің арасында халықаралық ұйымдар болды – Тағы Табиғат Дүниежүзілік қоры (WWF), Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациядан (ҚБСА) қатысқандар: атқарушы директор Вера Воронова және ҚБСА Қолданбалы биология орталығының директоры Сергей Скляренко.

Сергей Скляренко ҚБСА жұмысының маңызды бағыттары туралы хабарлады және Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау жайында бірнеше басым мәселелерді ұсынды:

  • Көші-қон суда жүзетін құстар үшін аңшылық шаруашылық  және АҚТА базасында бірынғай мемлекеттік есептерді тәсімін енгізу және аңшылық шаруашылықтар аймағында құстар үшін дамыл зоналарын ұйымдастыру.  Осындай бірыңғай есептер мамықты аңдар, қасқыр және басқа жаунуарлар үшін керек. Мақсат – заманауи дәрежеде тізімдеме жүйесін құрастыру
  • «Ұлттық жобалар шаралары»  өндеу және бекіту арқылы  негізгі сирек түрлерді қорғау және зерттеу шараларын ұзақмерзімді жоспарлауға көшу керек.  Сонымен біріншіден сол жобаларға ресми мәртебе беру керек.
  • Тұяқтылар, құстар және тағы басқа жануарлар үшін ең басты мәселе – желілік инфрастуктураның дамуы (жолдар, электр беру желілері). Сондықтан темір және автомобильдік жолдар құру жобаларды  жануарлар дүниесіне және көші-қон түрлеріне әсер ету көзқарасынан нақты түрде тексеру керек. Жел электрдиірмені және электр беру желілері жобаларын мұқият зерттеу керек, өйткені қате шектеу құстарға көші-қон кезінде едәуір зиян келтіреді.
  • Қазақстанда Пржевальский жылқысы және құлан жерсіндіру бағдарламасы өткізіліп жатыр, табиғатқа жолбарысты қайтару жұмысы жоспарланып жатыр. Жұмыс жалғасу үшін жылқыны және жолбарысты тағы табиғатта жоғалған түрлер ретінде Қызыл Кітабқа енгізу керек,  жануарларды бұрынғы қалпына келтіру бағдарламаларын мемлекеттік дәрежеде бекіту, олар ҚР АШМ Орман шаруашылық және жануарлар дүниесі комитетімен талқыланды және мақұлданды.

Қазіргі уақытта «ҚР өсімдік және жануарлар дүниесі мәселері жайында кейбір заңнамалық акттерге өзгерістер және қосымша енгізу» заң жобасы   ҚР Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. ҚБСА мамандары нағыз заң жоба  жұмыс тобына кіреді және биоалуантүрлілікті сақтау саласында өзгерістерді және қосымшаларды бірнеше заңдарға енгізу шаруасына белсенді қатысады.  





Артқа